ПСИХИКАЛЫҚ АХУАЛ

ПСИХИКАЛЫҚ АХУАЛ – психикалық процестің динамикалық кө- рінісі, оның нақты жағдайда қалып- тасқан көрінісі. П.а. жеке адам мен ұжымның бір сәттегі эмоциялық, танымдық және мінез-құлықтық көріністерінің жалпылама сипа- тын білдіреді. П.а. эмоцияның даму сатыларынан тұрады, индивидтің түрлі психикалық қасиеттерінің (же- ңілтектік, ұстамсыздық, ашушаңдық сияқты) көрінісін білдіреді. Психи- калық ахуалға сезімнің (көңіл күй, аффект, үрей, эйфория және т.б.), ықыластың (толғаныс, ессіздік), ерік- тің (батылдык, жинақылық, тартын- шақтық), ойланудың (күмәндану), қиялдың негізгі түрлері жатады. Тө- тенше жағдайдағы адамның пси- хикалық ахуалы стресс ретінде қа- былданып зерттеледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *