Күпірлік

Күпірлік

(Құрайыш кəпірлері: «Ей, Мұхаммед! Бір жыл Аллаға, бір жыл пұтқа табынайық» – десті). (Мұхаммед ғ.с): «Ей, кəпірлер (құрайыш кəпірлері)! Сендердің табынғандарыңа табынбаймын. Əрі сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылмайсыңдар. Сірə, мен сендердің шоқынғандарыңа шоқынушы емеспін. Сондай-ақ сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылушы емессіңдер.

Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тəн» де.

(Кəфирун сүресі)

Алланың аяттарына қарсы келгендер жəне жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендер, сондай-ақ адамдарға туралықты əмір еткендерді өлтіргендер соларды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. Міне, солар дүниеде де, ақыретте де амалдары жойылғандар. Сондайақ олар үшін жəрдемші жоқ. (Мұхаммед ғ.с.) сондай кітаптардан үлес берілгендердің, араларына үкім беру үшін Алланың кітабына шақырылғандарды көрмейсің бе? Сонан соң олардың бір бөлімі Одан бет бұрады. Сондай-ақ олар ұдайы бет бұрушы. Бұл олардың: «Бізге тозақ оты санаулы күндер ғана соқтығады» дегендіктері себепті. Дін жайындағы жасанды нəрселері оларды алдады. Болуы шəксіз күнде жинағанымызда, сондай-ақ əркімге əділетсіздік етілмей еңбек тері толық берілгенде, жағдайлары қалай болар еді?..

(Əли Имран сүресі, 21-25)

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *