Жəбірейілдің Хз. Мəриямға көрінуі
(Мұхаммед ғ.с.) Құрандағы Мəриямды айтып бер. Сол уақытта ол тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды. Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондайақ оған рұхымызды (Жəбірейілді) жібердік те, ол оған толық адам бейнесінде көрінді. (Мəриям): «Егер сен тақуа болсаң да, сенен Аллаға сыйынамын», – деді. (Рұх): «Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін», – деді.
(Мəриəм сүресі, 16-19)