Дін, Құран жəне пайғамбарлық жайындағы сұрақтарына жауаптар
Олар: «Ол пайғамбарға бір мұғжиза түсірілсе еді?», – деді. (Мұхаммед ғ.с.): «Шəксіз, Алланың мұғжиза түсіруге күші жетеді.
Бірақ, олардың көбі білмейді», – де.
(Əнғам сүресі, 37)
Оларға Құран келген сəтте, олар: «Бұл бір сиқыр. Шынында, бұған қарсымыз», – деді. Олар: «Бұл Құран (Мекке, Тайып) екі қаладан ірі бір адамға түсірілсе еді», – деді. (Мұхаммед ғ.с.) Раббыңның мəрхаметін олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларына Біз үлестірдік. Сондай-ақ бірбіріне бағынсын деп, бірін-бірінен дəрежеде көтердік. Раббыңның мəрхаметі олардың жиған-тергендерінен артық.
(Зухруф сүресі, 30-32)
Сондай қарсы келгендер, иман келтіргендер үшін: «Егер (бұл дінде) игілік болса еді, олар бізден озбас еді. (Алдымен біз мұсылман болар едік)» деді. Онымен де тура жол таппағандықтан: «Бұл көне бір өтірік», – деседі. Құраннан бұрын жолбасшы əрі игілік түрінде Мұсаның (ғ.с.) кітабы бар еді. Міне, осы Құран зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін араб тіліндегі растаушы бір Кітап.
(Ахқаф сүресі, 11-12)
(Перғауын): «Ал сонда бұрынғы дəуірдегілердің жағдайы қандай?», – деді. (Мұса ғ.с.): «Олардың мəліметі Раббымның қасындағы Кітапта бар. Раббым жаңылмайды да, ұмытпайды», – деді.
(Taha сүресі, 51-52)
Олар: «Сен бізді тəңірлерімізден айныту үшін келдің бе? Ендеше, шын айтушылардан болсаң, дереу бізге бопсалаған нəрсеңді келтір», – деді. «Шын мəнінде, мəлімет Алланың қасында. Мен сендерге менімен жіберілген нəрсені жалғастырып отырмын. Дегенмен, сендерді надан ел көремін», – деді.
(Ахқаф сүресі, 22-23)
Олар: «Ей, Шұғайып! Біздің аталарымыздың табынғанын тастауымызды немесе малдарымызды қалауымызша істетуден тыйылуымызды саған намазың əмір ете ме? Тіпті сен өте жұмсақ, аса есті көрінесің», – деді (Шұғайып ғ.с.): «Ей, халқым! Айтыңдаршы! Егер мен Раббым тарапынан ашық дəлел үстінде болсам жəне Өз қасынан маған көркем ризық берген болса, сендерді тыйған нəрсемді өзім істеп, сендерге қарсы келуді қаламаймын. Шамам келгенінше түзелтуді ғана қалаймын. Табысты болуым Аллаға ғана байланысты, Оған тəуекел еттім əрі Оған бой ұсынамын», – деді.
(Һуд сүресі, 87-88)
Бірде олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?», – деді. Егер періште түсірсек еді (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен болып оларға сонан кейін мұрса берілмес еді. Егер пайғамбарды бір періште қылсақ еді, оны да бір адам (бейнесінде) қылар едік те, оларға күдіктенген сайын шақ салған болар едік.
(Əнғам сүресі, 8-9)
Немесе олар: «Оны өзі жасады» дей ме? (Мұхаммед ғ.с.): «Қашан өзім жасаған болсам, сонда мені Алладан еш қорғай алмайсыңдар. Алла ол жөнінде не көкігендеріңді (айтқандарыңды) жақсы біледі. Сондай-ақ Ол мені мен сендердің арамызға куəлікте жетіп асады.
Жəне Ол тым жарылқаушы, ерекше мейірімді» де.
(Ахқаф сүресі, 8)