БАРДАМШЫЛЫҚ з а т. Баршылық, əл-ауқаттылық. Б а р д а м ш ы л ы қ заман болса, ұлан-асыр той жасайтын жағдай ғой (Ш. Мұртазаев, Жұлдыз., 68).
БАРИЙ: Барий гидрототығы. х и м. Су- да еритін, түссіз кристалды зат (ҚСЭ, 2, 167).
Барий карбонаты. х и м. Тұз жəне азот қышқылдарында оңай еритін, түссіз кри- стал. Б а р и й к а р б о н а т ы – барийдың өте маңызды қосылыстарының бірі (ҚСЭ, 2, 167).
Барий сульфаты. х и м. Суда өте нашар еритін, түссіз кристал. Б а р и й с у л ь ф а т ы қағаз, резеңке, керамика өндірістерінде, медицинада қолданады (ҚСЭ, 2, 167).
Барий тотығы. х и м. Барийдың өте маңызды қосылыстарының бірі. Барий гидрототығын б а р и й т о т ы ғ ы н сөндіру арқылы алуға болады (ҚСЭ, 2, 167).
Барий хлориді. х и м. Суда жақсы еритін, хлорлы барий. Б а р и й х л о р и д і н барийдың басқа қосылыстарын алуда, ауыл шаруашылығында, тері өнеркəсібінде қолданады (ҚСЭ, 2, 167).