Алланың имансыздарға қойған сұрақтары

Алланың имансыздарға қойған сұрақтары  

Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма? Ол (жатырға) тамызылған бір тамшы мəни емес пе? Сонан соң ол ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. Сонда одан ер, əйел екі жыныс жаратты. Бұларды жасаған Алланың өліктерді қайта тірілтуге күші жетпей ме? 

(Қиямет сүресі, 36-40)

Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Содан соң қайта тірілтеді. Сонан соң (Қияметте) Оның алдына  қайтарыласыңдар.

(Бақара сүресі, 28)

Олар білмей ме? Негізінде, Алла олардың көрнеу, көмес істегендерін  біледі.

(Бақара сүресі, 77)

Олар: «Бізді тозақ оты санаулы күндер ғана (азапта) ұстайды»,– дейді. (Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Алладан уəде алдыңдар ма? Алла уəдесін сірə бұзбайды. Немесе Аллаға білмегендеріңді айтасыңдар ма?» де.

(Бақара сүресі, 80)

(Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз», – деді. Егер аталары еш нəрсені түсінбеген əрі тура жолда болмаған болса да ма? (Сонда да  солардың  жолымен  жүре  ме?).

(Бақара сүресі, 170)

Олар Алланың дінінен басқа дін іздей ме? Көктердегі жəне жердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз Аллаға бой ұсынады. Сондайақ олар, ол жаққа қайтарылады.

(Əли Имран сүресі, 83)

Алла ризығын тоқтатса, сендерді қоректендіретін кім? Əрине, олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.

(Мүлік сүресі, 21)

Олардың əкімшіліктен бір үлесі бар ма? Ондай болса, олар адамдарға  түк  бермес  еді.

(Ниса сүресі, 53)

Немесе жамандық істегендер, Бізден қашып құтыламыз деп ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді!

(Ғанкəбут сүресі, 4)

Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, əрине, онда олар көптеген қайшылықтар табар еді.

(Ниса сүресі, 82)

Олардан бұрын қаншалаған нəсілдерді жоқ еткенімізді көрмеді ме? Оларға жер жүзінде сендерге бермеген мүмкіншілікті берген едік. Оларға аспаннан жаңбыр жіберіп, астарынан өзендер ағыздық. Бірақ,  қылмыстары  себепті  оларды  жоқ еттік те, олардан  кейін бас қа нəсіл  жараттық.

(Əнғам сүресі, 6)

Аллаға ортақ қосушыларға: «Егер сендерге Алланың азабы келсе немесе Қиямет келсе, Алладан басқаны шақырасыңдар ма? Егер сөздерің рас болса, маған білдіріңдер» де.

(Əнғам сүресі, 40)

(Мұхаммед ғ.с.): «Аллаға теңеген серіктеріңнен, тұңғыш жаратып, сонан соң өлтіріп қайта тірілтетін бар ма?» – де. «Алла бастапта жаратып, сонан соң қайта тірілтеді. Сонда қайда бұрылып бара жатырсыңдар?» – де.

(Юныс сүресі, 34)

(Ей, Мұхамед ғ.с.): «Егер Алла есту, көру сезімдеріңді алып, жүректеріңді мөрлесе, Алладан басқа сендерге оны əкелетін тəңір кім? Маған білдіріңдер» де. Қара! Аяттарымызды қандай айырып түсіндіреміз. Одан кейін де, олар одан жүз бұрады.

(Əнғам сүресі, 46)

Олар өздеріне періштелердің келуін немесе Раббыңның келуін, не Раббыңның кей белгілерінің келуін ғана күте ме? Раббыңның белгілерінен кейбіреуі келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір қайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейді. (Мұхаммед ғ.с.): «Күтіңдер, шəксіз, күтеміз» де.

(Əнғам сүресі, 158)

Олар көктер мен жердегі Алланың мүліктеріне жəне Алла жаратқан нəрселеріне, сондай-ақ өздерінің ажалдарының жақын болуының мүмкін екендігін ойламай ма? Ал енді олар бұдан кейін қай сөзге сенеді?

(Ағраф сүресі, 185)

Алланың құрылықта да сендерді жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты боран жіберуінен қауіпсізсіңдер ме? Содан кейін өздеріңе бір болысушы таба алмайсыңдар.

(Исра сүресі, 68)

(Мұхаммед ғ.с.): «Сендерді аспаннан, жерден кім ризық тандырады? Құлаққа, көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Əр істі кім игерді?» – де. Олар: «Алла», – дейді. «Ендеше, Алладан  қорықпайсыңдар  ма?» де.

(Юныс сүресі, 31)

Қарсы болғандар, өздеріне (жан алғыш) періштелердің келуін немесе Раббыңның бұйрығының келуін ғана күте ме? Бұлардан бұрыңғылар да осылайша істеген болатын. Сондай-ақ Алла оларға зұлымдық қылмады. Бірақ, олар өздеріне зұлымдық  қылған  еді.

(Нахыл сүресі, 33)

 Ал олар Алланың баурап алушы азабынан немесе кенеттен сезбеген түрде Қияметтің келіп қалуынан қауіпсіз болды ма?

(Юсып сүресі, 107)

Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңның салдарынан  бір  құйын  жіберіп  суға  батыруынан бейбітсіңдер ме?

Сон да сендерге болысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар.

(Исра сүресі, 69)

(Мұхаммед ғ.с.) олардан: «Көктер мен жердің Раббы кім?» – деп сұра да, «Алла!» – деп айт. «Алланы қойып, тіпті өздеріне де пайда, зиян келтіре алмайтындарды ие қылып алдыңдар ма?» де. «Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?» де. Яки  болмаса  олар Аллаға, Оның жаратқанындай  жарататын, жаратулары Алланың  жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма? (Оларға) айт: «Əр  нəрсені  жаратушы  Алла. Ол жалғыз, аса  өктем».

(Рағыд сүресі, 16)

Сондай мекерліктің (қулық-сұмдықтың) жаманын істегендер, Алланың өздерін жерге жұттыруынан немесе ойламаған жерден өздеріне азап келуінен қауіпсіз бе? 

(Нахыл сүресі, 45)

Негізінде, оларды мал жəне балалармен қамдағанымызды: Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма? Олай емес. Олар түсінбейді.

(Муминун сүресі, 55-56)

Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың, өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір белгілі  мерзім жасаған, онда əсте шəк жоқ. Сонда да залымдар  бас тартып, мүлде қарсы  келді.

(Исра сүресі, 99)

Олар: «Оған Раббынан неге мұғжизалар түсірілмейді?» – десті. «Мұғжизалар Алланың ғана жанында. Шын мəнінде, мен ашық ескертуші ғанамын» де. Əрине, оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? (Одан артық мұғжиза бола ма?) Сөз жоқ. Құранда иман келтірген ел үшін əрине  игілік жəне үгіт бар.

(Ғанкəбут сүресі, 50-51)

 Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нəрсе келді ме?

(Муминун сүресі, 68)

(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Көрдіңдер ме, егер Алла сендерге Қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарық келтіретін тəңір кім? Естімейсіңдер ме?» – де. «Көрдіңдер ме, егер Алла сендерге Қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тəңір кім? Көз салмайсыңдар ма?» – де.

(Қасас сүресі, 71-72)

Ішкен суларыңды көрдіңдер ме? Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба? Егер қаласақ, оны ащы қылар  едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме?

(Уақиға сүресі, 68-70)

Олар жер жүзінде кезіп, өздеріне бұрынғылардың соңының не болғанын көрмей ие? Негізінен, олар бұлардан күштірек еді де, олар жерді қопарып, олар оны бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дəлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ, олар өздеріне зұлымдық етті.

(Рум сүресі, 9)

(Мұхаммед ғ.с.): «Барлық мақтау Аллаға лайық. Жəне сəлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?» – деп сұра!

(Нəміл сүресі, 59)

Олар тозақта: «Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік» деп шыңғырады. «Сендерге үгіт алғысы келген кісі үгіт алатын өмір бермедік пе? Əрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар! Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ» (делінеді).

(Фатыр сүресі, 37)

Ей, адам баласы! Алла сендерге берген ырысын еске алыңдар. Сендерге көктен, жерден несібе беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Сонда қалай тентіреп, бара жатырсыңдар?

(Фатыр сүресі, 3)

Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді.

(Ясин сүресі, 77)

Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Əлбетте, күші жетеді. Ол əр нəрсені жаратушы, толық  білуші. 

(Ясин сүресі, 81)

Немесе олар еш нəрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері  ме?  Яки олар көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды.

(Тур сүресі, 35-36)

(Мұхаммед ғ.с.) не сен олардан ақы тілеп, сондықтан олар ауыр борышқа жығылды ма?  Немесе олардың қасында ғайыптың мəліметі бар да, олар соны жаза ма? Не болмаса, олардың бір əдіс қылғылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері тұзаққа түседі. Əлде олардың Алладан басқа тəңірі бар ма? Алла олардың қосқан теңеулерінен пəк.

(Тур сүресі, 40-43)

Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар?

(Уақиға сүресі, 57)

Расында, бұрынғы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме? Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме? Оны сендер өсіресіңдер ме?

Не Біз өсіреміз бе? Егер қаласақ, оны  қоқымға айналдырар едік.

Сонда  күңкілдесе  берер  едіңдер.

(Уақиға сүресі, 62-65)

Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме? Оның ағашын сендер жараттыңдар ма немесе Біз жараттық па?

(Уақиға сүресі, 71-72)

Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?  «Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді. Оны біреу көрмеді деп ойлай ма? Оған екі көз жаратпадық па?  Əрі бір тіл, екі ерін?

(Бəлəд сүресі, 5-9)

Бой ұсынушыларды, күнəкарлардай етеміз бе?  Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер? Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма? Расында, онда сендердің ұнатқандарың бар ма? Немесе сендер үшін Бізге қарсы Қияметке дейін жалғасатын, шəксіз, өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма?  (Мұхаммед ғ.с.) олардан сұра: «Расында, осыған олардың қайсылары жауапкер екен? Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын əкелсін.

(Қалам сүресі, 35-41)

Алла ризығын тоқтатса, сендерді қоректендіретін кім? Əрине, олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.

(Мүлік сүресі, 21)

Егер олардан: «Көктер мен жерді кім жаратты жəне күн мен айды кім іске қосты?»,– деп сұрасаң, əлбетте: «Алла», – дейді. Сонда олар қайда лағып  барады.

(Ғанкəбут сүресі, 61)

Ал адам баласы өзін алғаш жаратқанымызда дəнеңе емес екенін ойламай ма?

(Мəриəм сүресі, 67)

Оларға: «Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге бір аққан суды кім келтіреді?» де.

(Мүлік сүресі, 30)

Шын мəнінде, сондай аяттарымызда бұрмалаушылық жасағандар Бізге жасырын емес. Ендеше, отқа тасталған біреу жақсы ма? Немесе  Қиямет күні аман-есен  келген  біреу жақсы ма? Қалағандарыңды істеңдер. Сөзсіз, Алла не  істегендеріңді  толық  көруші.

(Фуссилəт сүресі, 40)

(Мұхаммед ғ.с.): «Көрдіңдер ме? Иə, осы Құран Алланың қасынан келген болып, сонан соң оған қарсы келсеңдер, ол ұзақ қайшылыққа түскен  біреуден  артық  адасқан  кім  бола  алады?».

(Фуссилəт сүресі, 52)

Расында, оны ғибрат қылып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?  Азабым, ескертуім қалай екен? Расында, Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал  сонда түсінуші бар  ма?

(Қамар сүресі, 15-17)

Расында, сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда түсінуші бар ма?

(Қамар сүресі, 51)

Етпеттеп жүрген біреу турарақ ба? Даңғыл жолда тік жүрген біреу турарақ па?

(Мүлік сүресі, 22)

Олар көктер мен жердегі Алланың мүліктеріне жəне Алла жарат қан нəрселеріне, сондай-ақ өздерінің ажалдарының жақын болуының мүмкін екендігін ойламай ма? Ал енді олар бұдан кейін қай сөзге сенеді?

(Ағраф сүресі, 185)

(Мұхаммед ғ.с.) осылар Алланың аяттары. Саған бұларды хақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Алланың аяттарынан кейін қай сөзге сенеді?

(Жəсия сүресі, 6)

Олар: «Бұл Құран (Мекке, Тайып) екі қаладан ірі бір адамға түсірілсе еді», – деді. (Мұхаммед ғ.с.) Раббыңның мəрхаметін олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларына Біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп, бірінбірінен дəрежеде көтердік. Раббыңның мəрхаметі олардың жиғантергендерінен  артық.

(Зухруф сүресі, 31-32)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *