Ібіліс шайтанның бас көтеруі
Сол уақытта періштелерге: «Адамға сəжде қылыңдар!» – дедік. Сонда олар дереу сəжде қылды. Бірақ, Ібіліс сəжде қылмай: «Балшықтан жаратқаныңа сəжде қыламын ба?», – деді. Ібіліс: «Осы менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені Қиямет күніне дейін кешіктірсең, əлбетте, ұрпақтарының өте азынан басқасын қырыма бір аламын», – деді.
(Исра сүресі, 61-62)
(Алла): «Ей, Ібіліс! Сен неге сəжде қылушылармен бірге болмадың», – деді. (Ібіліс): «Сен бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан жаратқан адамға сəжде етуіме болмайды», – деді.
«Шынында, саған Қиямет күніне дейін лағынет бар».
(Хижр сүресі, 32-35)
(Алла Ібіліске): «Саған Мен əмір еткенде, сені сəжде етуден не тыйды?» – деді. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың», – деді. (Алла): «Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың»,
– деді.
(Ағраф сүресі, 12-13)