Шайтанның ықпал-күші
(Ол): «Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін, əлбетте, адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нəрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын», – деді. «Бірақ, олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыра алмаймын» (деді). (Алла): «Маған келетін тура жол осы», – деді.
(Хижр сүресі, 39-41)
«Шынайы құлдарым болса, оларға ықпалың жүрмейді». Раббым уəкілдікте жетік.
(Исра сүресі, 65)
«Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ, саған кім ерсе, адасқандардан болады». «Сөз жоқ, олардың бəрінің уəделі жері жəһаннам».
(Хижр сүресі, 42-43)