Хз. Юсыптың зынданға тасталуы

Хз. Юсыптың зынданға тасталуы

Сонан соң оларға дəлелдер көрінгеннен кейін де, оны бір мерзімге дейін абақтыға салды. Жəне де, Юсыппен бірге екі жігіт бірге абақтыға кірді. Ол екеуінің бірі: «Мен түсімде арақ сыққанымды көрдім», – деді. Екіншісі: «Мен төбеме нан көтеріп жүр екенмін. Одан құс жегенін көрдім. Бізге бұл түстердің жоруын айтып бер. Күдіксіз, біз сені жақсылық қылушылардан көреміз», – деді. (Юсып ғ.с. оларға): «Сендерге қоректендірілетін тамақ келмей-ақ екеуіңе түстің жоруын айтып беремін. Бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Шынында, Аллаға сенбеген жəне Ақырет күніне сенбеген бір елдің дінін тастадым», – деді.  «Аталарым Ибраһим, Ысқақ  жəне  Яғқұп-тардың  дінін қудым. Біздің Аллаға ешбір серік қосуымыз тиісті емес. Бұл бізге əрі адам  баласына Алланың бір мəрхаметі. Бірақ, адамдардың көбісі шүкіршілік қылмайды». «Ей, менің абақты жолдастарым! Бөлекбөлек раббылар жақсы ма? Немесе əр нəрсеге өктем жалғыз Алла жақсы ма?»  «Сендердің Одан өзге шоқынған нəрселерің, сендер əрі аталарың атаған құр аттар (атаулар) ғана. Алла оларға табынуға байланысты ешбір дəлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тəн. Ол өзіне ғана құлшылық  қылуларыңды бұйырған. Міне, осы – тұп-тура дін. Бірақ, адамдардың көбі білмейді». «Ей, абақты жолдастарым! (Бұл түс көрген екеуінің бірі патшаның сушысы, бірі аспазы екен). Біреуің қожайынына арақ ішкізеді. (Бұрынғы жұмысын істейді). Ал біреуің дереу асылып, басын құс шоқиды. Міне, екеуінің жоруын сұраған іс бітті». Құтылады деп ойлаған екеуінің біреуіне: «Қожайыныңның жанында мені ескер!» – деді (Юсып ғ.с.). Сонда шайтан қожайынының алдында еске алуды ұмыттырды да, сондықтан Юсып бірнеше жыл абақтыда жатып қалды. (Бір күні) патша: «Түсімде жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын жəне жеті жасыл сабақтар, тағы солай қурағанын көрдім. Ей, сыбайластар! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар», – деді.  (Олар): «Бұл шым-шытырық түс екен. Сондықтан біз мұндай түстердің жоруын білмейміз», – деді.

(Юсып сүресі, 35-44)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *