Хз. Юныстың балық қарнындағы дұғасы

Хз. Юныстың балық қарнындағы дұғасы

Юнысты есіңе ал. Сол уақытта ашуланып, кетіп қалды да біздің еш тарлық қылмауымызды ойлап, сонда қараңғылықтар ішінде (балықтың қарнында): «Сенен басқа ешбір тəңір жоқ. Сен Пəксің. Шын мəнінде, мен қателесушілерден болдым», – деп жалбарынды. (Айтқанына көнбеген еліне ашуланып бет алды кетіп, бір кемеге отырғанда балық жұтады). Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне, иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз.

(Əнбия сүресі, 87-88)

Егер ол Алланы рас дəріптеушілерден болмаса еді: Əрине, қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді. Сонда оны қырға шығарып тастадық. Ол науқас еді. Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік.

(Саффат сүресі, 143-146)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *