Хз. Мұхаммед пайғамбар

Хз. Мұхаммед пайғамбар

Хз. Мұхаммедтің дүниеге келетіні жайындағы сүйінші  хабарлар

«Раббымыз, ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты əрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз, Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. Ибраһимнің ғ.с. тілегі бойынша Мұхаммед ғ.с. елші болып келді).

(Бақара, 129)

Біз өздеріне кітап бергендер, оны (Мұхаммедті ғ.с.) ұлдарын танығандай таныйды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді.

(Əнғам, 20)

Олар сондай жандарындағы Тəуратта жəне Інжілде жазулы жіберілген, умми (жазу-оқуды білмейтін) пайғамбарға ергендер. Ол оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нəрселерді халал, жаман нəрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нəрселерді шешеді. Енді соған (Мұхаммедке ғ.с.) сенгендер, олар оған құрмет етіп əрі оған көмек көрсеткендер, сондай-ақ оған түсірілген нұрға (Құранға) ергендер, міне, солар – құтылушылар.

(Ағраф, 157)

Рас, ол  бұрынғылардың  кітаптарында  да  бар  еді.

 (Шұғара, 196)

Исраил  ұрпақтарының  ғалымдарының бұны білулері, олар үшін бір  дəлел  болмай  ма?

(Шұғара, 197)

(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Көрдіңдер ме? Егер де Құран Алланың қасынан болып, сендер оған қарсы болсаңдар; сондай-ақ Израил ұрпақтарынан бір куə, осы сияқтыға (Тəуратқа) куə болып, кейін иман келтірсе де, сендер менменсисіңдер, күдіксіз, Алла залым елді тура жолға салмайды. 

(Ахқаф, 10)

Сол уақытта Мəриям ұлы Ғиса (ғ.с.): «Ей, Израил ұрпақтары! Шын мəнінде, мен сендерге Алланың елшісімін, алдымдағы Тəуратты растаушы жəне менен кейін келетін «Ахмед» атты пайғамбарменен сүйіншілеймін» деген еді. Бірақ, олар (ол айтылған) пайғамбар оларға ашық дəлелдермен келген кезде: «Бұл ашық жады (сиқырлық, көзбояушылық)», – деді.

 (Саф, 6)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *