Хз. Мұхаммедке Құранның түсірілуі  

Хз. Мұхаммедке Құранның түсірілуі

(Мұхаммед ғ.с.) əлбетте, Біз саған қайталанып оқылатын жеті аятты (Фатиха сүресін) жəне  ұлы  Құранды  бердік.

(Хижр сүресі, 87)

Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп Құранды түсірдік.

Əрине, олар түсінер.

(Нахыл сүресі, 44)

(Мұхаммед ғ.с.) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрыңғы кітаптарды растаушы жəне оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің əрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үмбет қылар еді. Алайда сендерге берген жолжобаларыңда сынамақшы. Ендеше, жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нəрселеріңді білдіреді.  Олардың араларына Алланың түсіргенімен үкім ет. Олардың ойларына ілеспе жəне саған Алла түсірген кей үкімдерден сені бұзуларынан сақтан! Егер олар жүз бұрса, күдіксіз, Алла оларды кей күнəлары себепті қайғыға ұшыратуды қалайды деп біл. Расында, адамдардың көбі бұзық.

(Мəидə сүресі, 48-49)

Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендердің, сондай-ақ Мұхаммедке (ғ.с.) Раббы тарапынан ол шындықпен түсірілгенге иман келтіргендердің, Алла жамандықтарын жойып, жағдайларын түзелтті.

(Мұхаммед сүресі, 2)

Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың (Мұхаммед ғ.с.) адаспады да, ауытқымады. Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жəбірейіл ғ.с.) үйретті. Ол қуат иесі (Жəбірейіл өз бейнесінде) тура тұрды. (Бұл көрініс Хыра тауында болған).  Ол жоғары көк жиекте еді.

(Нəжім сүресі, 1-7)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *