Хз. Мəриямға Жəбірейіл періштенің көрінуі жəне ұл сүйіншілеуі

Хз. Мəриямға Жəбірейіл періштенің көрінуі жəне ұл сүйіншілеуі

(Мұхаммед ғ.с.) Құрандағы Мəриямды айтып бер. Сол уақытта ол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды. Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондайақ оған рұхымызды (Жəбірейілді) жібердік те, ол оған толық адам бейнесінде көрінді. (Мəриям): «Егер сен тақуа болсаң да, сенен Аллаға сыйынамын», – деді. (Рұх): «Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін», – деді.

(Мəриəм сүресі, 16-19)

Сол уақытта періштелер: «Ей, Мəриям! Расында, Алла сені Өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты – Мəсих Ғиса Мəриям ұлы, дүние-ақыретте беделді, сондай-ақ Аллаға жақындардан болады», – деді. Бесікте жəне ержеткенде адамдарға сөйлейді. Əрі игілерден болады.

(Əли Имран сүресі, 45-46)

Мəриям: «Маған бір адам жұғыспаса, менде қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам», – деді. (Жəбірейіл ғ.с.): «Ол, солайша», – деді. Өйткені, Раббың: «Бұл – Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі əрі бір мəрхамет. Бұл біткен бір іс еді», – деді.

Мəриям ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті.

(Мəриəм сүресі, 20-22)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *