Сиқыршылардың иман келтіруі жəне Перғауынның ызасы
Сонда бүкіл сиқыршылар сəждеге жығылып: «Мұса мен Һарунның Раббысына иман келтірдік», – деді. (Перғауын сиқыршыларға): «Мен сендерге рұқсат беруден бұрын иман келтірдіңдер ме? Əрине, ол сендерге сиқырды үйреткен үлкендерің екен. Енді, əлбетте, қолдарыңды да, аяқтарыңды да шадырлата (яғни, оң қол мен сол аяқтарыңды жəне сол қол мен оң аяқтарыңды айқаштап) кесемін. Жəне сендерді құрманың бұтақтарына асамын. Сөйтіп, қайсымыздың азабымыз қатты да тұрақты екенін жақсы білесіңдер», – деді. Олар: «Бізге келген ашық мұғжизалардан, сондай-ақ бізді жаратқаннан сені артық көре алмаймыз. Дереу не үкім берсең бер. Əрине, сен осы дүниеде ғана ықпал жүргізе аласың», – деді. «Күдіксіз, біз қателіктерімізді жəне сен бізді зорлаған сиқырды кешіруі үшін Раббымызға иман келтірдік. Сондай-ақ Алла қайырлы да тұрақты», – деді.
(Taha сүресі, 70-73)