ПӘТУА (консенсус; лат. сопsensus –келісу, бірауыздылық) – 1) даулы мәселелер бойынша дауысқа салмай келіссөз барысында ортақ келісімге келу. Оқу-білім мекемелерін басқару процесінде шешім қабылдаудың бір амалы; 2) белгілі бір іс жөніндегі бі- тім, тоқтам, келісім; ислам дінінде шариғат бойынша керекті мәселе, іс жөнінде дінбасы муфтидің, бас қа- зының шығарған қарары, шешімі, тоқтамы, қорытындысы. Мұсылман- дар үшін пәтуа – бұлжытпай сөзсіз орындалуға тиісті заң, міндет, парыз. Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау түрінде жазылып, мұсылмандарға жария етіліп, таратылып отырған.