ПРАКТИКАЛЫҚ ОЙЛАУ – ойлау түрлерінің бірі, әдетте, ол теориялық ойлаудың қолданыстағы түрі. Прак- тикалық ойлау мақсат қоюмен, жос- пармен, жоба жасаумен байланысты көбінде уақыт тапшы болған жағдай- да өрістейді, сол себептен ол теория- лық ойлауға қарағанда анағұрлым күрделі болып келеді. Б.М.Теплов өзінің «Қолбасшының ақыл-параса- ты» (1944) атты еңбегінде Суворов пен Наполеонның соғыс кезіндегі осын- дай ойлау түріне шебер талдау жа- саған.