ПЛАЦЕБОЛЫҚ-ЭФФЕКТ (лат.рlasebо – сауығамын) – қандай да бір дәрі деп тағайындалатын зиянсыз препарат – плацебоны ішкізгенде субъекттің физиологиялық не пси- хологиялық күйінде болатын өзгеріс. П.-э. дәрі қабылдау фактісінің өзінің психотерапевтік әсер-әрекетін көр- сетеді және жаңа препараттың әсері- не иландырудың қатыстылығы дәре- жесін анықтау қажет болғанда қолданылады. Бұл орайда сыналушылар тобына жаңа құралмен емдейміз деп хабарланады да, бұдан соң топтың жартысына плацебо беріледі. Екі кі- ші топ бойынша нәтижелерді салыс- тыру дәрінің шын мәніндегі нәти- желілігі туралы пайымдауға мүмкін- дік береді. П.-э., сондай-ақ психоте- рапияда психологиялық міндеттерде пайдаланылады.