Перғауын мен оның əскерінің жойылуы
Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Перғауын жəне əскерлері жауыздық, дұшпандықпен оларды қуды. Ақыры ол (перғауын) суға батар сəтте: «Исраил ұрпақтары иман келтірген Тəңірден басқа тəңір жоқтығына иман келтірдім. Мен де бой ұсынушылардан болдым», – деді. «Енді ғана сендің бе? Расында, сен бұрын қарсы келген бұзақылардан болған едің…». «Сенен кейінгіге үлгі болуы үшін денеңді (жансыз түрде) құтқарамыз. Расында, адамдардың көбі аяттарымыздан хабарсыз».
(Юныс сүресі, 90-92)