ПЕДОЛОГИЯ – грек сөзінен алын- ған, сөзбе-сөз аударғанда оның эти- мологиясын «пед» (бала), «логия» (ілім-білім), яғни бала туралы білім деген мағынаны білдіреді. Яғни ол психология, педагогика, физиоло- гия, биология, медицина, әлеуметтік ғылымдардың жиынтығынан туын- дайтын білім саласы. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қа- лыптаса бастаған бала туралы ғы- лымның үлкен бір саласы. Оның не- гізін салған Америка ғалымы, психо- лог Стендли Холл (1846-1924).
Оның пайда болуы эксперимент- тік педагогика мен психологияның қолданбалы салаларының дамуы мен ғылым әлеміндегі эволюциялық идеяның өріс алуына байланысты еді. Педологиялық зерттеулер батыс елдерінде Дж.Болдуин, Мейман, Ре- сейде В.М.Бехтерев, Г.И.Россолимо, А.П.Нечаев есімдерімен тығыз бай- ланысты. Педологияға алғаш рет әділ бағасын берген белгілі орыс психо- логы, академик В.М.Бехтерев болды. Ол 1903 жылы Санкт-Петербургтегі Әскери академияда жүйке қызметі, жан аурулары кафедрасын ұйымдас- тырып, академик И.П.Павловтың шарт- ты рефлекстер теориясымен үндесе- тін «Қосарланған рефлекс» дейтін ілімнің іргесін қалайды. Ғалым 1908 жылы өзі ұйымдастырған психо- неврологиялық ғылыми-зерттеу инс- титутының жанынан шағын педо- логиялық ғылыми-зерттеу мекемесін ашады. Мұнда бала психикасының жалпы дамуы мен қалыптасуын ке- шенді зерттеу мақсатында білікті тәрбиешілерді іріктеп, оларды зерт- теуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, баланың туған күні- нен бастап (бала туғаннан кейін 7-10 күнде осы мекемеге қабылданған), зерттеуге алынатын болған. Ол есей- генге дейін осы мекеменің қамқор- лығында болып, физиологиялық, ана- томиялық, психологиялық тұрғыдан зерттеуге алынған. Мұнда баланың жандүниесі, оның физиологиялық, анатомиялық өсуімен қосарлана зерт- телінген. Бұл бір кездегі К.Д.Ушин- скийдің «Адам – тәрбиенің нысана- сы» деген еңбегінде адамды туғаннан бастап, жан-жақты танып-білу үшін, оны жан-жақты зерттеу керек деген ойының жалғасы болып табылады. Бала жанын жан-жақты зерттеу – пе- дологияның ерекше көңіл бөлген мә- селесі болды. Сөйтіп, В.М.Бехтерев ғылым тарихында педологияның зерт- теу лабораториясын ашқан бірінші орыс ғалымы болды. Кейіннен мұн- дай орталықтар мен бірнеше зерттеу орындары Брюссельде (1913), сон- дай-ақ Еуропа мен Америкада пайда болды. В.М.Бехтеревтің «Тәрбие мен даму баланы зерттеудің ең негізгі кредосы» дейтін идеясын 1950 жылдары оның шәкірті Б.Г.Ананьев «Ба- ланың антропологиялық психология- сы» тұрғысынан зерттеді.
В.М.Бехтеревтің бастауымен 1907 жылы педологиялық институттың Жарғысы жасалды. Мұнда баланы ұзақ уақыт бойына бақылау, анасы- мен қоса жан-жақты қамқорлыққа алу мәселесі қатты ескерілді. Жарғы- да сондай-ақ, институттағы бала тәр- биесі, үйде ата-анасы тарапынан бе- рілетін әлпештеу, аймалау, жүрек жы- луынан кем болмауы тиіс деген қағи- да орын алды. Институтта үш бөлім (психология, гигиена мен физиоло- гия, педагогика) болды. Мұндағы ғы- лыми қызметкерлер бірлесіп, жас өс- кінді жан-жақты тәрбиелеуде, яғни В.А.Сухомлинский айтқандай, «Ба- лаға жүрек жылуы» дейтін гуманис- тік идеяны басшылыққа алды. БК(б)П Орталық Комитетінің 1936 жылғы Үш тілдегі «Наркомпростар жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар ту- ралы» қаулысынан кейін, педологияға дұрыс көзқарас болмады. Сол кездегі тоталитарлық режим ғылым саласына да өзінің өктемдігін жүргізетін. Осы қаулының педологияға қиянат жаса- ғаны, оның ақ-қарасын айырмағаны қазіргі кезде белгілі болып отыр.
Қайта мұның теоретиктері мен прак- тиктері қуғын-сүргінге ұшырады. Осы қаулының зардабы психологтарға да қолайсыз әсер етті, оның «Бала және педагогикалық психология» дейтін салаларының дамуына тұсау салын- ды. Өйткені педологтар өзгермейтін орта мен тұқымқуалаушылық дейтін ғылыми тұрғыдан қате ұстанымды басшылыққа алған болатын. Педоло- гияға оң көзқарас тек соңғы жылда- ры, яғни ғылымда демократиялық принцип қалпына келгеннен кейін ғана қайтадан өріс ала бастады. Ға- лымдар (психологтар, физиологтар) педологияның теориялық қисында- рының әлсіздігін мойындай отыра, оның практикалық зерттеу әдістері- нің маңызын жоққа шығармайды. Әсіресе, педологияның қиын бала- ларды тәрбиелеу туралы түйіндерінің, оларды тест арқылы зерттеу әдістері- нің құндылығын мойындайды.
Академик В.П.Зинченко педология- ның ғылыми концепциясында бала тұлғасын зерттеуде төмендегі 4 прин- ципті басшылыққа алғандығын бы- лайша тұжырымдайды:
- баланы бір ғана психологияның көмегімен жан-жақты зерттеуге бол- майды, оны гигиеналық, физиоло- гиялық, антропометриялық, басқа да әлеуметтік ғылымдармен бірлесе зерт- теу қажет. Бұл генетикалық принцип деп аталады;
- Баланы үнемі даму үстінде зерт- теу қажет;
- Оны әлеуметтік ортамен байланыс- тыра зерттеу (Л.С.Выготскийдің қо- ғамдық-тарихи теориясына сәйкес);
- Баланы іс-әрекет үстінде зерттеу. В.М.Зинченконың осынау пікірле- рін М.В.Ломоносов атындағы Мәс- кеу университетіндегі психология кафедрасының профессоры, акаде- мик А.Г.Асмолов қолдап, «Педоло- гия» журналын шығарды. Бұл ай- тылғандар Орталық Партия комите- тінің жоғарыда аталған қаулысынан зардап шеккен педологияны қайта- дан өмірге келтірудің бір көрінісі. Бұл жайт Қазақстандағы тәлім-тәр- бие ғылымдары саласында зерттеу жүргізіп жүрген оқымыстылардың да есінде болуы тиіс.