ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР – мұғалімнің педагогтік қызмет- те жоғары нәтижелерге жетуін қам- тамасыз ететіндей даралық-психоло- гиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жал- пылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сара- ланады: гностикалық (танып білу жә- не одан ләззат ала білу), дидактика- лық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық, (қарым-қа- тынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие мате- риалын іріктеп ала білу, жобалай, жа- сай білу), ұйымдастырушылық (шә- кірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылар- дың бәрін біріктіріп, олардың мүд- делерін қойылған мақсатты орындау- ға бағыттай білу), перцептивтік (ба- ланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін тү- сіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогика- лық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суггестив- тік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жі- герлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экс- прессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым-ишара, оңтайлы- лық элементтерін жетік меңгеруі).