ПАРЫЗ– адамның ел-жұрт, мемле- кет пен қоғам алдындағы борышын білдіретін әдептік ұғым. П.-дың әр заманда, әр дәуірде тарихи-қоғамдық жағдайға орай анықталып түрленеді және толықтырылады. П. адамның бейімділігі мен белсенділігіне, сезім- талдығы мен естілігіне байланысты. Сондықтан оны адам болмысы мен мүддесінен, туған ел тұрмысы мен туған жер қажетінен бөліп қарауға болмайды. П. дүниетанымдық бағ- дармен ұласып, астарласып жатады. Өйткені, П. өмірдің қажеттілігін рас- тау, құндылығын көбейту ынтасынан туындайды, адамның қоғамдық бол- мыстағы орнын жалғастыру қажетін қуаттайды.
Парыз: 1) адам мен қоғам арасында- ғы қарым-қатынастың ұрпақтық мән- жайын іріктейді; 2) адамның адамға қамқорлығын, жағымды әдеп пен адал еңбек ету үлгісін сақтайды, жастар- дың үлкендер мен Отан алдындағы перзенттік қарызын, азаматтық мін- детін тиянақты орындауға жұмыл- дырады; 3)адамның жақсы қасиетін орнықтыруға ұлтаралық қатынастың тиімді түрлеріне қызмет еткізеді.