Имансыздардың жынды Аллаға ортақ қосуы
Жəне де олар Алла жаратқан жындарды Оған теңеді. Жəне олар білместіктен, Оған ұлдар, қыздар ұйғарды. Ол олардың сипаттағандарынан пəк, жоғары.
(Əнғам сүресі, 100)
Адамдардың кейбірінің жындарға табынуы
(Періштелер): «Сен пəксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Бəлкім, олар жынға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенуші еді», – дейді.
(Сəбə сүресі, 41)