ӨТІРІК ПЕН ӨТІРІКШІЛІК (СУАЙТ)

ӨТІРІК ПЕН ӨТІРІКШІЛІК (СУАЙТ) – бұл жағдайдағы әдейі бұр- малау. Өтірік көбіне тез тексерілуі қиын немесе түрлі өсек-аяң хабар- лардың мазмұнынан білініп қалады. Халқымыздың  «Өтірік  өрге баспайды», «Өтірікшінің шын сөзі заяға кетеді» дейді. Оған тән сипат өтірік- ші өзінің сөзін «дәлелді» ету үшін кей- бір қулық-сулықты ойлап табады.

Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өтірік-өсек адами қарым-қатынасқа зиянын тигізетіні көпке белгілі. Ол айналасындағыларды алдап-сулап шатастыру арқылы өз масатына же- туді көздейді. Өтірік айтуды әдетке айналдырған кісіні жұрт суайт өті- рікіші дейді.

Суайт – адам мінезіндегі көргенсіз- діктің бір түрі. Өтірік айту, сайып келгенде, өтірікшіге оның өзіне ғана емес, тіпті оны тыңдайтындарға да опық жегізеді Ол жалған сөзімен айналасын абыржытып, жұртқа ірт- кі салады. Мәселен, қазір де кейбір осындайлар «қазір сіздер тұрған жерде (мектепте, кеңседе т.б.) жары- лыс болады» деп телефонмен жал- ған хабар таратып, жұртты әбігерге түсіреді, оның айтқаны өтірік болып, бұл жұрттың ашу-ызасын келтіргені өз алдына, олардың алтын уақытын босқа ысырап етеді. Ұлы ғұламалар жас ұрпақты мұндайлардан әркез жирендіріп отырған.

Мәселен, Шәкәрім қажы: «Өтіріктен тілін тыя алмаған адам арамдықтан ыңдынын тыя алмас», – десе, Сайф Сараи: «Өтірік сөз жарақат сияқты, жазылса да орны қалады», – дейді. Мұндайлар  жайлы  дана халқымыз:

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» немесе «Өтірікшінің өтірігі де өтірік, шыны да өтірік» деп, пәтуә ететіні хақ. Жастарымыз Асан қайғы жырау айтқандай, «жеңемін деп біреуді өті- рік сөзбен қостама» деген аталы сө- зін естерінен шығармауы тиіс. Қас батыр Бауыржан Момышұлы ағамыздың «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, уын ішіп өлген артық» дей- тін аталы сөзін әркез есте сақтайтын болайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *