Қауымның түйені өлтіруі
Бірақ, олар оны жасынға шығарып, түйені өлтіріп тастады. Ал сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп, жермен жексен қылды.
(Шəмс сүресі, 14)
Сонда да олар оны өлтіріп тастады. Салихғ.с.: «Жұрттарыңда үш күн бой жасай тұрыңдар. Бұл өтіріксінуге болмайтын бір уəде», – деді.
(Һуд сүресі, 65)
Олар оны (түйені) өлтіріп тастады да, өкініште болды.
(Шұғара сүресі, 157)
«Ей, елім! Жақсылықтан бұрын жамандықты тез тілейсіңдер ме? Егер Алладан жарылқау тілесеңдер, əрине, мəрхаметке бөленесіңдер» деді. Олар: «Біз сен жəне сенімен бірге болғандардың салдарынан сəтсіздікке ұшырадық», – деді. (Салих ғ.с.): «Сəтсіздіктерің Алланың қасында. Негізінде, сендер сыналатын елсіңдер», – деді.
(Нəміл сүресі, 46-47)