Қауымның Лұт пайғамбарға қарсыласуы

Қауымның Лұт пайғамбарға қарсыласуы

Олар: «Ант болсын, егер, тоқтамасаң, ей Лұт, əлбетте, жұрттан шығарыласың», – дейді.

(Шұғара сүресі, 167)

Олар: «Ей, Лұт! Егер тыйылмасаң, əлбетте (жұрттан) шығарыласың», –  десті.

(Нəміл сүресі, 56)

Елінің жауабы: «Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені, олар өте тазасынған адамдар» деу  ғана  болады.

(Ағраф сүресі, 82)

Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды.

(Шұғара сүресі, 160)

Лұтқа (ғ.с.) да (пайғамбарлық бердік). Сол уакытта еліне: «Рас, өздеріңнен бұрын əлемде ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер», – деді.  «Рас, сендер еркектерге жақындасасыңдар да, жол кесіп жəне мəжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?». Сонда елінің жауабы: «Егер шыншылдардан болсаң, қане, бізге Алланың азабын келтірші» дегеннен басқа болмады.

(Ғанкəбут сүресі, 28-29)

Лұт елі де  ескертуді  жасынға  айналдырған.

(Қамар сүресі, 33)

Расында, (Лұт ғ.с.) оларға апатымызды ескертті. Дегенмен, олар ескертуге күмəнмен қарады.

(Қамар сүресі, 36)

(Лұт ғ.с.): «Раббым! Бұзақы елге қарсы маған жəрдем бере көр!», – деді. 

(Ғанкəбут сүресі, 30)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *