Хз. Салихтің қауымының ұрғашы түйемен сыналуы
(Салих ғ.с.): «Ей, халқым! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан ашық дəлелде болсам, Өз тарапынан маған бір мəрхамат еткен болса да, мен оған қарсы келсем, сонда мені Алладан кім қорғайды? Сонда сендер маған зияннан басқаны арттырмайсыңдар», – деді. «Ей, халқым! Мынау Алланың аруанасы, сендерге бір мұғжиза. Сондықтан оны қойып қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді жуықта бір азап қолға алады», – деді.
(Һуд сүресі, 63-64)
(Салих ғ.с.): «Міне, белгі – бір аруана. Су кезегі бір күн оныкі де, бір белгілі күн сендердікі», – деді. «Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады».
(Шұғара сүресі, 155-156)
Расында, аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет. (Ей, Салих делінді). Оларға: «Су араларында кезекті; əркім ішу кезегінде əзір болсын» деп түсіндір. (Құдықтың суын бір күн түйе, бір күн ел ішеді). Сонда олар жолдастарын шақырды да, сонда ол қылышын алып түйені өлтірді.
(Қамар сүресі, 27-29)
Оның ең жауызы қарсы шыққанда, сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне əрі оның суарылуына килікпеңдер», – деді.
(Шəмс сүресі, 12-13)