Хз. Нұхтың өз халқын бір Аллаға құлшылық қылуға шақыруы

Хз. Нұхтың өз халқын бір Аллаға құлшылық қылуға шақыруы

Əрине, Біз Нұхты (ғ.с.) қауымына жібердік: «Мен сендер үшін ап-ашық бір ескертушімін. Аллаға ғана ғибадат қылыңдар, шынында, мен сендерге күйзелтуші күннің азабынан қорқамын», – деді.

(Һуд сүресі, 25-26)

Расында, Нұхты (ғ.с.) еліне: «Қауымыңды күйзелтуші азап келуден  бұрын  қорқыт (ескерт)» деп  жібердік.

(Нұх сүресі, 1)

Рас, Нұхты (ғ.с.) еліне жібердік. Сонда ол: «Ей, елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тəңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?» – деді. 

(Муминун сүресі, 23)

Рас, Нұхты (ғ.с.) еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл тұрды. Сол уақытта  оларды   топан басып алды, олар залым еді. 

(Ғанкəбут сүресі, 14)

Нұхтың (ғ.с.) елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды. Сол уақытта олардың туысы Нұх (ғ.с.): «Қорықпайсыңдар ма?» – деді. «Рас, мен сендер үшін сенімді бір Елшімін. Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар. Бұған сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым əлемдердің Раббына тəн. Алладан қорқып, маған бағынындар».

 (Шұғара сүресі, 105-110)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *