Хз. Лұттың өз қауымын тастап кетуі
(Лұт ғ.с.): «Əттең! Сендерге төтеп берер күшім болса не бір мықты бекініске паналасам», – деді. (Елшілер): «Ей, Лұт! Расында, біз Раббыңның елшілеріміз. Олар əсте саған соқтыға алмайды. Дереу түннің бір бөлімінде үй-ішіңмен жөнел, жұбайыңнан басқа ешкім кейін қалмасын. Өйткені, еліңе келетін апат оған да жетеді.
Олардың уəдесі таң. Таң жақын емес пе?», – деді.
(Һуд сүресі, 80, 81)