Хз. Ибраһим жəне Хз. Исмайыл

Хз. Ибраһим жəне Хз. Исмайыл

Лұтты (ғ.с.) құтқарып, əлемдер үшін мүбарак болған жерге жеткіздік. 

(Əнбия сүресі, 71)

(Ибраһим ғ.с.): «Раббым жаққа кетемін. Ол маған жол көрсетеді» деді.  «Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!». Оны өте мүлайым бір ұлмен қуанттық. Ұлы (Исмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: «Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?» – деді. Ол: «Əй, əкетайым! Өзіңе не əмір етілсе соны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың», – деді. (Ибраһим ғ.с. құрбан айының сегізі күні баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: «Таруя»-күдікгі күн деп, тоғызы күні түсті қайта көріп, рас, деп танығандықтан: «Ғарифа»- тану күні деп, оны күні жəне көріп құрбан шалғандықтан: «Нахыр» деп аталады). Сөйтіп, екеуі де ұнап, əкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған пышақ кеспеді). Біз оған: «Ей, Ибраһим», – деп дабыстадық: «Рас, түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз, ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз» (дедік). Шын мəнінде, бұл бір ашық сынау еді. Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі).  Кейінгі нəсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық. Ибраһим (ғ.с.)-ға сəлем.  Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. Өйткені ол сенген құлдарымыздан еді.

(Саффат сүресі, 99-111)

Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!», – деді. Ол: «Бүкіл əлемнің Раббына бой ұсындым», – деді.

(Бақара сүресі, 131)

Хз. Ибраһим мен Исмайылдың Мекке аймағына келуі

Сол уақытта Ибраһим (ғ.с.): «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! Жəне оның тұрғындарынан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірсе, əртүрлі өнімдермен ризықтандыр», – деп жалбарынды. (Раббы): «Кім қарсы болса, оны да аз (күнгі дүниеде) пайдаландырамын, сонан соң оны (ақыретте) от азабына зорлаймын. Ол барар орынның жаманы», – деді.

(Бақара сүресі, 126)

(Мұхаммед ғ.с.) сол уақытта Ибраһим (ғ.с.): «Раббым! Осы Мекке қаласын бейбіт қыл! Мені жəне ұлдарымды пұттарға шоқынудан ұзақ қыл!» «Раббым, олар адамдардың көбін адастырды. Ал енді біреу маған ерсе, рас ол менен. Тағы біреу маған қарсы келсе, онда Сен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдісің». «Раббымыз! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің (Қағба)-ның жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитын болсын! Енді адамдардың көңілін оларға ауатын қыл! Сондай-ақ оларды жемістермен ризықтандыр! Əрине, олар шүкіршілік етер». «Раббымыз! Күдіксіз, Сен жасырын, əшкерелерімізді білесің. Жердегі, көктегі нəрселер Аллаға жасырын емес». «Барлық мақтау маған қартайған шағымда Исмайыл мен Ысхақты берген Аллаға тəн. Күдіксіз, Раббым тілекті естуші». «Раббым! Мені əрі ұрпақтарымды намазды толық орындаушы қыл! Раббымыз! Тілегімді қабыл айла!». «Раббымыз! Есеп құрылатын күні мені, əке-шешемді жəне мүміндерді жарылқа!», – (деді)

(Ибраһим сүресі, 35-41)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *