Хз. Ибраһимнің пұттарды қиратуы
Сонда Ибраһим (ғ.с.) жұлдыз жаққа назар аударып: «Мен науқаспын» деді. Сонда ел одан бұрылған бойда кете берді. (Ибраһим ғ.с.) олардың тəңірлерінің жанына оңаша барды: «Жемейсіңдер ме?» – деді. «Неге сөйлемейсіңдер?». Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды.
(Саффат сүресі, 88-93)
Сонда оларды быт-шыт қылып, бəлкім осыған айналар деп, үлкенін ғана қойды. Олар: «Бұны тəңірлерімізге кім істесе де, ол анық залым екен» десті. «Ибраһим деген бір жігіттің осыларды сөз қылып жүргенін естідік» десті. «Оны көрулері үшін адамдардың көз алдына алып келіңдер» десті. «Ей, Ибраһим! Осыны тəңірлерімізге сен істедің бе?» – десті. «Бəлкім, мына олардың үлкені істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, олардан сұраңдар», – деді. Олар өзара: «Шынында, сендер залымсыңдар», – десті. Сонан соң олар мүсеуірей сүлкиіп: «Расында, бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой», – деді. «Онда сендер Алланы қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нəрсеге табынасыңдар ма?» «Түһ! Сендерге де, Алланы қойып табынғандарыңа да! Енді де түсінбейсіңдер ме?» – деді.
(Əнбия сүресі, 58-67)
Олар оған жүгірісіп келді. «(Қолмен) жонып алғандарыңа шоқынасыңдар ма?» – деді. «Алла сендерді де, жасаған нəрселеріңді де жаратты».
(Саффат сүресі, 94-96)