Хз. Ибраһимнің отқа тасталуы
Олар: «Егер бір нəрсе істейтін болсаңдар, Ибраһимді өртеп, тəңірлеріңе көмек етіңдер» десті. (Олар Ибраһимнің қол-аяғын байлап, «мүнжанық» деген атқы арқылы отқа атарда Жəбірейіл (ғ.с.) келіп: «Бір қажетің бар ма?» – дегенде: «Саған қажетім жоқ» дейді. «Онда Раббыңнан тіле!» дегенде: «Өзіне халім мəлім. Алла маған жетеді, Ол нендей жақсы ие» деп, нағыз Аллаға ғана сыйынады).
(Əнбия сүресі, 68)
Олар: «Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер» десті.
(Саффат сүресі, 97)
«Ей, от! Ибраһимға салқын, зиянсыз бол!» дедік. Олардың Ибраһимға (ғ.с.) қастық істегілері келді. Бірақ, өздерін сəтсіздікке ұшыраттық.
(Əнбия сүресі, 69-70)
Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да, оларды төмендетіп жібердік.
(Саффат сүресі, 98)