Хз. Ибраһимнің дұғасы

Хз. Ибраһимнің дұғасы

«Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса гөр! Мені кейінгі нəсілдердің тілінде де, шынайы үлгі қыла көр! Мені нығметті жəннаттың мұрагерлерінен қыл! Əкемді жарылқа! Өйткені ол адасушылардан». «Қабірден тұратын күні мені мұңайтпа!». Ол күні мал да, балалар да пайда  бермейді.

(Шұғара сүресі, 83-88)

(Пайғамбар ғ.с. əкесімен туысқан Əбу Талиб үшін жəне кейбір мұсылмандар да иманға келмей өлген əке-шешелері үшін жарылқау тілегісі келген). Пайғамбарға жəне мүміндерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін, егер жақындары болса да, мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды. Ибраһимнің (ғ.с.) əкесі үшін жарылқау тілеуі, оған берген бір уəде бойынша ғана еді. Өзіне оның Алланың дұшпаны екені білінген кезде, одан безді. Расында, Ибраһим қажырлы  əрі  жұмсақ  мінезді  еді.

(Тəубе сүресі, 113-114)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *