Сəмуд қауымының өз пайғамбарына қарсыласуы
Сəмудтің азғындары өтіріксінді.
(Шəмс сүресі, 11)
Олар: «Ей, Салих! Сен бұдан бұрын арамызда үміт күтілген едің.
Аталарымыздың табынғанынан бізді тыясың ба? Расында, сенің бізді шақырған нəрсеңе күдік ішінде əрі күмəндіміз», – деді.
(Һуд сүресі, 62)
Елінің дандайсыған тобы араларындағы иман келтіргендерді қор көріп: «Салихтың Раббы тарапынан анық елші екенін білесіңдер ме?» – деді. Олар: «Күдіксіз, біз ол арқылы жіберілген нəрселерге сенеміз», – деді. Дандайсығандар: «Күдіксіз, біз сендер сенген нəрселерге қарсымыз», – деді.
(Ағраф сүресі, 75-76)
Сəмуд елі ескертушіні жасынға айналдырды: «Өзімізден бір адамға ерейік бе? Əрине, ол уақытта біз адасуда əрі есі алаң боламыз», – деді. «Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол мүлде өтірікші, өзімшіл» деді. Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт екенін біледі.
(Қамар сүресі, 23-26)