Пайғамбарлар ақы сұрамайды

Пайғамбарлар ақы сұрамайды

Міне, солар Алланың тура жолға салған пайғамбарлары. (Мұхаммед ғ.с.) онда олардың жолын қу жəне: «Сендерден ақы сұрамаймын,  өйткені  Құран  əлемге  үгіт  ғана» де.

(Əнғам сүресі, 90)

Сен  қанша  ынтазар  болсаң  да, адамдардың көбі иман келтірмейді.  (Істегендеріңе) олардан ақы сұрамайсың. Ол Құран бүкіл əлем ге тəн үгіт. 

(Юсып сүресі, 103-104)

Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: «Ей, қауымым! Елшілерге ілесіңдер», – деді.  «Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер.

Олар тура жолда».

(Ясин сүресі, 20-21)

(Мұхаммед ғ.с.)  негізінде, сені қуандырушы, ескертуші ғана қылып   жібердік. Оларға: «Бұған сендерден ақы емес, Раб быларыңның  жолын  ұстағысы  келген  кісіні  ғана қалаймын» де.

(Фұрқан сүресі, 56-57)

(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Шын мəнінде, сендерге бір үгіт беремін; Алла  үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар да, сонан соң ой ланыңдар. Жолдастарыңда бір жындылық жоқ. Ол сендер үшін келетін қатты азапты алдын ала ескертуші ғана» де.  Оларға: «Сендерден ақы тілемедім. Ол сендердікі болсын. Менің ақым Аллаға ғана тəн. Ол əр нəрсеге куə» де!

(Сəбə сүресі, 46-47

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *