ПАЙЫМДАУ – логикалық ойлаудың екі типі. Ойдың ақиқатқа қарай ілге- рілеуі білім шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ереже- лер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеу- лермен схемаларға ойысу тән. Мұның өзі құбылыстарды дұрыс топтасты- руға, білімдерді жүйелеуге мүмкін- дік береді. П. индивидтің, әсіресе, утилитарлық, міндеттерді орындауға үйреншікті жағдаяттарға ойдағыдай бейімделуін қамтамасыз етеді. Па- йымның шектеулілігі оның икемсіз- дігі мен кесімдігі оның таңдап отыр- ған мазмұнынан шыға алмайтынды- ғы болып табылады. П.- ойлау про- цесінің белгілі бір сатысы немесе ой тұжырымдаудың түрі; басты бір мә- селеге жауап қайтаруда бір-бірінен туындайтын ой-пікірлер туындысы. П.-ойлаудың алғашқы оның тұжырымына өту жолы. Бірақ П. туралы түсініктер бірден жүйе- ленбейді, бірін-бірі толықтыра да бер- мейді. Философия тарихында пайым- дауды ғылыми танымға қабілеттілік (Кант), анықтамаларды шектейтін бі- лімнің қалыптасу кезеңі (Гегель) дей- тін түсініктер бар. П. – құбылыстың себебі мен байланысын анықтайтын ақыл-ойдың құрамдас бөлігі, тіл та- бысудың алғашқы деңгейі. П. тәсілін сипаттау, жинақтау және дәлелдеу – логиканың негізгі міндеттерінің бірі.