ПАВЛОВ ИВАН ПЕТРОВИЧ

ПАВЛОВ ИВАН ПЕТРОВИЧ (1849-1936). Дүниежүзі физиологтарының ақсақалы, орыстың ұлы ғалым акаде- мигі. И.П. Павлов Нобель сыйлығы- ның лауреаты (1904), 1875 ж. Петер- бург университетінің, 1879 ж. медиц- хирург, академияның профессоры. 1891 жылдан өмірінің соңына дейін өзі ұйымдастырған эксперименталды медицина институтының физиология бөлімін басқарған. Ол жануарлар мен адамның жоғары жүйке қызметін шарт- ты рефлекс тәсілін тәжірибе жүзінде зерттеудің негізін қалаушы. Павлов Сеченовтың психикалық қызметінің рефлекстік сипаты жөніндегі ілімін онан әрі дамытты, организмнің сырт- қы ортамен өзара байланысының се- бебі ретіндегі рефлексті түсіндіре ке- ліп, мидың заңдылықтарын ашты. Негізгі еңбектері: «Жануарлардың жоғары жүйке қызметін (мінез-құ- лық) объективті зерттеудің 20 жылдық тәжірибесі», «Шартты рефлекс», «Ми жарты шарларының жұмысы жөнін- дегі лекциялар» т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *