Лұт халқының азғындығы
Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті.
(Хижр сүресі, 67)
Қауымы оған жүгірісіп келді. Сондай-ақ олар бұрыннан да жаман істер істейтін еді. (Лұт ғ.с.): «Ей, халқым! Мына қыздарым, олар сендер үшін тағы таза. Енді Алладан қорқыңдар! Қонақтарым жайында мені қорламаңдар. Іштеріңде бір де есті кісі жоқ па?» – деді. (Лұттың ғ.с. «мына қыздарым» дегені, елінің əйелдері еді. Өйткені, бір пайғамбар үмбетінің əкесі орнында).
(Һуд сүресі, 78)
(Лұт ғ.с.): «Рас, бұлар – менің қонағым. Мені қорламаңдар»,– деді. «Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер». (Олар): «Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?» – деді. (Лұт ғ.с.): «Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналар қыздарым», – деді.
(Хижр сүресі, 68-71)
Олар: «Сен де білесің. Қыздарыңда жұмысымыз жоқ. Расында, сен біздің нені қалайтындығымызды жақсы білесің», – деді.
(Һуд сүресі, 79)