Кемедегі мүміндердің құтқарылуы

Кемедегі мүміндердің құтқарылуы

 

«Ей, Нұх! Саған сенімен бірге болған топтарға бізден сəлеметтік, молшылықпен кемеден түс! Бір талай топты дүниеде пайдаландырамыз да, сонан  кейін олар Біздің күйзелтуші  азабымызға ұшырай ды» делінді.

(Һуд сүресі, 48)

Сонда оны да, онымен бірге болғандарды да толы кемеде құтқардық.

(Шұғара сүресі, 119)

Оны жəне кемедегі жолдастарын құтқарып, ол уақиғаны əлемдерге  ғибрат  қылдық.

(Ғанкəбут сүресі, 15)

Нұхтың (ғ.с.) елі де пайғамбарларды жасынға шығарған кезде, оларды суға батырып, адамзат баласы үшін бір ғибрат қылдық.

Сондай-ақ  залымдар  үшін  күйзелтуші  азап  дайындадық.

(Фұрқан сүресі, 37)

Расында, Нұх (ғ.с.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз! Оны да, семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық. Нұхтың (ғ.с.) ұрпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік). Оны кейінгілерге дəріптеттік. Нұхқа (ғ.с.) бүкіл əлемнен сəлем болсын.

(Саффат сүресі, 75-79)

Расында, оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?

(Қамар сүресі, 15)

«Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсы орналастырушысың» де. Рас, бұнда өнегелер бар. Əрине, Біз сынаймыз.  Бұлардан  кейін  басқа нəсілдер пайда қылдық. 

(Муминун сүресі, 29-31)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *