БАЛДАХАНА з а т. к ө н е. Көлік үстіне орнатылған немесе төрт адам иықтарына салып, көтеріп жүретін, ішіне ұлық отыратын, төбесі жабық, қабырғалары перделенген жай. Император (қытайдың) қалада, үйдің арасында үнемі б а л д а х а н а м е н жүреді (Қ. Жұмаділов, Дарабоз, 2, 119). Əмірші б а л д а х а н а н ы ң пердесін сырып қойып, көшедегі халықтың өзіне жарылып жол бергенін, тəжім еткенін көріп келеді (Қ. Жұмаділов, Тағдыр, 132).