Ад қауымының жойылуы
Шынайы түрде оларды ащы бір дауыс қолға алып, сыпырындыға айналдырдық. Залым қауым рахметтен ұзақ болсын!
(Муминун сүресі, 41)
Сонда олар оны жасынға айналдырды да, оларды жоқ еттік. Расында, бұнда бір өнеге бар. Дегенмен, олардың көбі сенбеген еді.
(Шұғара сүресі, 139)
Иə, Ад елі де гуілдеген қатты боранмен жоқ етілді.
(Хаққа сүресі, 6)
Ол тиген нəрсесін мүлде шіріген сүйектей етіп тастайды.
(Зəриəт сүресі, 42)
Алла оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің. Ал енді олардан бір қалған нəрсе көресің бе?
(Хаққа сүресі, 7-8)
Сонан соң бұлардан кейін басқа нəсіл пайда қылдық.
(Муминун сүресі, 42)
Сонда Һұдты (ғ.с.) жəне онымен бірге болғандарды мəр хаметімізбен құтқардық та, аяттарымызды жасынға шығарғандардың жəне сенбегендердің артын үздік.
(Ағраф сүресі, 72)