ӨМІР САЛТЫ – индивидтердің, әлеу- меттік топтың, тұтас алғанда қоғам- ның өмірлік қарекетіне тән жиынтық ұғым. Адамның тіршілік салты оны тұстастай кешенді түрде зерделеуге мүмкіндік береді. Бұған адамдардың еңбегі, күнделікті тұрмысы, мәдениеті, әлеуметтену жағдайлары мен белсен- ділігі, көбінесе девианттық мінез-құ- лықтары кіреді. Әлеуметтік-тарихи Ө.с.(балалар, жастар, әйелдер, ер адамдар, әскерилер, зейнеткерлер т.б.) болып сараланады. Ө.с. санаты алуан түрлі салыстырмалы талдауларда көп пайдаланады. Ол – белгілі бір адам- ның, қоғамға байланысты тіршілік іс- әрекетінің амалдары мен түрлерінің жиынтығы. Жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу – әрбір тә- лімгер мен ата-ананың, тәлімдік білім беру мекемелерінің басты міндеті бо- лып табылады.