ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ – бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда бола- тын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе субъектісі ре- тінде өзін-өзі бекіту бойынша дер- бес, саналанған, арнайы ұйымдасты- рылған іс-әрекеті. Осы процестің пси- хологиялықк механизмдері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

1) тұлғаның арнайы түрде ұйым- дастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін- өзі тану); 2) адамның өз қасиеттері, қабілеттері, әлеуметтік құндылықта- ры жөніндегі түсініктердің қалыпта- суы (өзін-өзі анықтау); 3) өзіне ба- ғытталған сыртқы талаптарды мақ- сатты түрде зерттеу, солармен өз әлеу- меттік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің әлеуметтік талаптарға сай бо- луға дайындығын анықтау (өзін-өзі саналау); 4) өзін-өзі тәрбиелеу мін- деттерін бөліп алу, қоғамдық пайда- лы іс-әрекет барысында өз жеке ба- сы бойынша тәрбиелеу жұмысын жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін- өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі дамыту).

Адамның өзін-өзі білуі, басқаларға таныта білуі – оның ішкі адамгерші- ліктік болмысын, интеллектуалдық, творчестволық мүмкіншіліктерін ашу- ға үздіксіз ұмтылысы, өз бойындағы қасиеттері мен мүмкіншіліктерін ақи- қат дүниеге белсенді таныту проце- сі. Бұл ұғым алғашында гуманистік психологияда пайда болып, кон- цептуалдық тұрғыда құрастырылды. А.Маслоу бойынша, өзін-өзі таныту – адамның өзінің бойындағы барлық творчестволық қабілеттері мен мүм- кіншліктерін едәуір толық ашып, жүзеге асыруға үздіксіз ұмтылысы. Ол қажеттіліктер иерархиясында ең жоғарғы орынды алады. Екінші тұрғыда өзін-өзі таныту нағыз бел- сенділігі, шынайы әрекетті білдіре- тін ұғым ретінде түсініледі. Ағыл- шын тілінде «action» әрекет мағына- сын білдіреді. Ал өзін-өзі танытуға мәні жағынан жақын ұғым ретінде қолданылатын өзін-өзі жүзеге асыру ұғымында «геаlіzаtіоn» – Оксфордтық ағылшын тілі сөздігіндегі анықтама бойынша белсенділікті емес, ал ең ал- дымен, адамның саналау, ой-әрекетін, яғни танымдық іс-әрекетті білдіреді О.-о.т. (латын тілінен, асtual – «шына- йы») – гуманистік психологияның не- гізгі тұжырымдамалық ұғымы.

А. Маслоу бойынша, «Өзін-өзі таны- ту – адамның бар мүмкіндігі жеткен- ше, адам болуға ұмтылу, өзін-өзі жетілдіру, өз потенциалын жүзеге асы- ру қажеттілігі. Бұл жол қиын, себебі ол белгісіздік пен жауапкершіліктен қорқу сезімімен байланысты бола- ды. Бірақ та ол – нағыз толыққанды, ішкі дүниесі бай өмірге әкелетін жол. Өзін-өзі таныту деңгейіне шыққан адам қызғаныш, ашудан, сыншылдық пен жаман қылықтардан аулақ болып, өзінің шынайы Менін көрсете біледі. Өзін-өзі танытатын адамда депрес- сия, эгоизм және т.с.с. күйлер туында- майды». О.-ө.т. ұғымы алғаш рет пси- хотерапевт К.Гольдштейнмен оның

«Организм. Холистік тұрғы» атты ең- бегінде ұсынылған болатын. Гольд- штейннің пікірінше, кез келген ор- ганизм, әсіресе адам организмі өзі- не табиғатынан берілген мүмкінші- ліктерін ашып, танытуға ұмтылады. Осы мүмкіншіліктерді ашу проце- сін К.Гольдштейн өзін-өзі таныту деп атаған және оны адам өмірінің негізгі түрткісі және мақсаты деп тү- сінген. К.Роджерстің (1902-1987) тұ- жырымдамасында Ө.-ө.т. – адамды әртүрлі деңгейлерде дамуға мәжбүр ететін күш ретінде анықталды. Бұл қасиет адамның моторлық дағдыла- рын меңгеруден бастап, оның жо- ғары шығармашылық шыңдарға же- туін анықтайды. К.Роджерстің пікі- рінше, адамның өмір сүруге, өсуге және дамуға деген туа берілген ба- ғыттылығы мен қабілеттілігі бола- ды. Барлық қажеттіліктер осы тен- денцияға бағынады, олар жағымды даму мақсатында қанағаттандыры- луы тиіс.

Бала өзінің жасаған әрекеттеріне тә- уелсіз, басқалардың өзіне деген сү- йіспеншілік сезімін білуі қажет. Сон- да ғана айналадағылармен жағымды қатынас пен өзіндік жағымды қаты- насқа деген қажеттілік өзін-өзі таны- ту қажеттілігімен қарама-қайшылық- та болмайды; тек осы жағдайда ғана белсенділік психологиялық жақтан толық әрі үйлесімді қызмет ететін бо- лады, В.Франклдың пікірінше, өмір- лік мақсат ретінде көрінетін өзін-өзі жүзеге асыру феномені мәнісі жағы- нан, эгоцентрлік болып табылады. Ал өзін-өзі  таныту  болмыстың ерекше

«мағыналық», «тұлғадан жоғары» мақсаттарға жетудің амалы болуы үшін адам басқаларға бағьтталып, болмыстың мағыналық категорияла- рына көңіл бөлуі қажет.

Қазіргі заманғы ресейлік психоло- гияда өзін-өзі танытудың әртүрлі сипаттамаларын негіздаумен айна- лысып жүрген ғалымдардың ішін- де ресейлік психологтар А.А.Реан және Е.В.Вахромовты атауға бола- ды. А.А.Реан өзін-өзі танытуды жетіл- ген тұлғаның маңызды сипаттамасы ретінде санап, өзін-өзі дамытуды адамның өмір жасын ұзартудың мықты көзі ретінде тапқан. Ол өзін- өзі танытатын тұлғаның маңызды анықтауышы ретінде өзіндік транс- ценденттілікті бөліп қарастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *