Тəңір өлілерді Тірілтуші
Əлбетте, Қиямет келеді. Онда Күдік жоқ. Шəксіз, Алла қабырдағыларды тірілтеді.
(Хаж сүресі, 7)
(Мұхаммед ғ.с.) ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады. Олар қабірлерінен көздерін сүлмейтіп, таралған шегіртке құсап шығады. Шақырушы жаққа жүгірген имансыздар:
«Бұл ауыр күн» дейді.
(Қамар сүресі, 6-8)
Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма? Ол (жатырға) тамызылған бір тамшы мəни емес пе? Сонан соң ол ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. Сонда одан ер, əйел екі жыныс жаратты. Бұларды жасаған Алланың өліктерді қайта тірілтуге күші жетпей ме?
(Қиямет сүресі, 36-40)
Сүр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді.
(Ясин сүресі, 51)