Тəңір мақтауға лайықты
Көктер мен жерде болған нəрселер Өзіне тəн болған Аллаға барлық мақтау лайық. Əрі ахыреттегі мақтау да Оған лайықты. Ол хикмет иесі, толық хабар алушы.
(Сəбə сүресі, 1)
(Мұхаммед ғ.с.) періштелерді ғаршының айналасында Раббыларын дəріптеген түрде көресің. Олардың арасында ақиқат бойынша үкім етіледі. Барлық мақтау бүкіл əлемнің Раббына лайық делінеді.
(Зумəр сүресі, 75)
Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жаратқан жəне қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаға тəн. Мұның соңында да, қарсы болғандар Раббыларына (басқаларды) теңейді.
(Əнғам сүресі, 1) Көктердегі əрі жердегі нəрселер Алланыкі. Шынында, Алла өте бай, аса мақтаулы.
(Хаж , 64)
Өздеріне білім берілгендердің саған Раббыңнан түсірілгенніңхақ екендігіне жəне мақтаулы, үстем Алланың жолына салатындығына көздері жетеді.
(Сəбə сүресі, 6)