Тəңір мəңгі Бақи Тірі

Тəңір мəңгі Бақи Тірі

Сондай еш  өлмейтін, тірі  Аллаға тəуекел ет. Оны  дəріптей мақта. Ол  құлдарының  күнəларынан  хабар алуға жетіп  асады.

(Фұрқан сүресі, 58)

Алла, Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі жəне жердегі нəрселер Оған тəн. Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Оның қалауынан басқа еш нəрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Жəне Ол өте биік, аса зор.

(Бақара сүресі, 255)

Ол тірі, Алладан басқа ешбір тəңір жоқ. Ендеше, дінді Оған арнап, нағыз ынтамен өзіне жалбарыныңдар. Барлық мақтау бүкіл əлемнің Раббына лайық.

 (Ғафыр сүресі, 65)

Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді. Ұлы дəрежеге ие əрі жомарт Раббың  Өзі  ғана  қалады.

 (Рахман сүресі, 26-27)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *