Тəңір жоқтан бар қылып Жаратушы

Тəңір жоқтан бар қылып Жаратушы

Ол көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана оған «бол!» – дейді. Ол бола қалады.

(Бақара сүресі, 117)

Бір нəрсенің болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған «Бол!» деу, сонда бола қалады.

(Нахыл сүресі, 40)

(Алла): «Ей, Зəкəрия! Расында, сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты – Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік». (Зəкəрия): «Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында, өзім де кəріліктен қурадым» деді. «Міне, солайша» деді. Бірақ, Раббың: «Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дəнеңе емес едің», – деді.

(Мəриəм сүресі, 7-9)

Ол көктер мен жерді шындықпен жаратты. Ол «Бол!» деген күні бола кетеді. Оның сөзі шын. Сұр үрілетін (Қиямет) күні əкімшілік Оныкі. Көместі жəне көрнеуді білуші əрі Ол хикмет иесі, толық хабар алушы.

(Əнғам сүресі, 73)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *