Тəңір ең Əділетті

Тəңір ең Əділетті

Біртұтас барар жерлерің сол тарап. Сондай-ақ Алланың уəдесі хақ. Күдіксіз, Ол бастап жаратады. (Жоқтан бар етеді.) Сонан соң иман келтіріп, ізгі іс істегендерге əділдікпен сыйлық беру үшін оны қайта тірілтеді. Сондай-ақ имансыздар үшін қарсы болғандықтары себепті  қайнап  тұрған  судан  сусын  əрі  күйзелтуші  азап  бар.

(Юныс сүресі, 4)

Ал Алла жолында не нəрсе жұмсасаңдар, сендерге толық төленеді. Əділетсіздік  көрмейсіңдер.

  (Əнфəл сүресі, 60)

Еркек болсын, əйел болсын – кімде-кім мүмін болып тұрып игі амалдар істесе, əне солар жəннатқа кіреді жəне оларға қылдай зұлымдық жасалмайды.

(Ниса сүресі, 124)

Сөз жоқ, еңбегінің нəтижесін жедел көреді. Сонан соң оған еңбегінің бодауы (өтемі) толық беріледі.

 (Нəжім сүресі, 40-41)

(Мұхаммед ғ.с.) сондай өздерін тап-таза етіп көрсетіп жатқандарды көрмедің бе? Керісінше, кімді Алла қаласа тазартады.

Оларға  қылдай  əділетсіздік  етілмейді.

  (Ниса сүресі, 49)

(Мұхаммед ғ.с.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне, солар кітаптарын оқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды.

(Исра сүресі, 71)

Болуы шəксіз күнде жинағанымызда, сондай-ақ əркімге əділетсіздік етілмей еңбектері толық берілгенде жағдайлары қалай болар еді?…

  (Əли Имран сүресі, 25)

(Мұхаммед ғ.с.) күдіксіз, Раббың олардың барлығының істеген дерінің бодауын əрине толық береді. Өйткені, Ол олардың істегендерін толық біледі.

(Һуд сүресі, 111)

(Лұқман): «Ей, ұлым! Тарының салмағындай болса да, бір жар тастың ішінде болса да, көктерде не жерде болса да Алла оны (Қиямет күні) келтіреді. Расында, Алла өте мүлайым (тым жұмсақ), толық білуші», – деді.

(Лұқман сүр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *