Тəңір ештеңеге мұқтаж емес
Біреу игілік үшін күрессе, сөзсіз, өзі үшін күреседі. Əрине, Алла əлемнен бай.
(Ғанкəбут сүресі, 6)
Сондай өзі кітап ғылымына ие біреу де (Бархия ұлы Асып, не Қызыр не Сүлейменнің өзі немесе Жəбірейіл): «Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін» деді. (Сүлеймен ғ.с.) оның жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сəтте: «Бұл – Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік қыламын ба əлде қылмаймын ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, əрине өзі үшін қылады. Ал кім шүкірлік қылмаса, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мұқтаж емес) өте жомарт».
(Нəміл сүресі, 40)
Ей, адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Ол (Алла) əр нəрседен мұңсыз, өте мақтаулы.
(Фатыр сүресі, 15)
Мұса (ғ.с.): «Сендер жəне біртұтас жер жүзіндегі əркім қарсы келсеңдер де, Алла анық мұңсыз, мақтауға лайық» де.
(Ибраһим сүресі, 8)
Көркем сөз жəне кешірімділік артынан бұлдану, кейіту араласқан садақадан жақсы. Алла бай, жұмсақ.
(Бақара сүресі, 263)
Негізінде, сендер сол Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда, кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сонан соң олар сендер сияқты болмайды.
(Мұхаммед сүресі, 38)