Тəңір барлығын естіп, көруші

Тəңір барлығын естіп, көруші

(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Раббым жер, көктегі сөйленгенді біледі.

Сондай-ақ, Ол толық естуші, білуші» де.

(Əнбия сүресі, 4)

Негізінен, Алла сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды жəне адамдардың арасына билік қылсаңдар, əділдікпен билік қылуларыңды əмір етеді. Расында, Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шəксіз, Алла толық естуші, тым қырағы. (Ниса сүресі, 58)

Айт: «Алланы қойып сендерге зиян да, пайда да беруге ие болмаған нəрселерге құлшылық етесіңдер ме?» Алла (барлық нəрсені) Естуші, Білуші.

(Мəидə сүресі, 76)

«Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тəн. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды» де.

(Кəһф сүресі, 26)

Міне, бұл сипаттарға ие болған Раббыларың Алла. Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Ол барлық нəрсені жаратушы. Ендеше, Оған құлшылық қылыңдар. Ол əр нəрсеге кепіл.  Көздер Оған жете алмайды. Ол көздерді көреді. Жəне Ол өте жұмсақ, толық білуші.

(Əнғам сүресі, 102-103)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *