Тəңір барлығын бақылап, күзетуші
Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал жəне кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың əр нəрсеге күші басым.
(Ниса сүресі, 85)
(Яғқұп ғ.с.): «Бұдан бұрын туысына байланысты сендерге сенгенім сияқты, бұған да сендерге сенейін бе? Дегенмен, Алла толық қорғаушы əрі Ол мейірімділердің ең мейірімдісі», – деді.
(Юсып сүресі, 64)
Ұлы Кенған: «Мені судан сақтайтын тауға паналаймын», – деді. Əкесі: «Бүгін Алланың əмірімен сақтаушы жоқ. Бірақ, біреуге мəрхамет етсе басқа» дегенде, екеуінің арасына толқын түсіп Кенған суға батқандардан болды
(Һуд сүресі, 43)
Негізінде, Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақыретке сенген кісі мен одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың əр нəрсені қорғаушы.
(Сəбə сүресі, 21)